Астанада планшетке термілген автобус жүргізушісі жұртты шошытты (видео)
Қолына планшет ұстап, жолаушылар автобусын жүргізген жүргізуші астаналықтарды шошытты, деп хабарлайды Stan.kz.
Елдің қызу талқысына түскен видеоны желіге Владимир Балковой жүктеді.
“Экспресс. 102. Жүргізуші – асс! Осыдан кейін адамдардың қоғамдық көлікке отырғанын қалайсыздар ма?” – деп жазады таңданысын жасыра алмаған автор.
Желі оқырмандары мұндай жағдайдың елордада жиі қайталанып тұратынын жазып жатыр.
“Сонда біз осындай адамға өмірімізді сеніп тапсырамыз ба? Ол аздай ақша төлейміз”, “Камералар орнатсын, оларды басқа қалай бақылауға болады?”, “Бірінші жағдай емес, тәртіп жоқ”, – деп жазады желідегілер.
Жіберіп алмаңыз:
Қарағандыда ер адам өзіне «қызмет көрсеткен» жезөкшелерді тонап кетті
Аягөз маңында құлаған тікұшақтың ұшқышы Алматыға жерленді
Сағадиев ҰБТ сұрақтарына Есентаеваның есімі не үшін қажет болғанын түсіндірді
Қылмыскердің оғына кеудесін тосып тұрғындарды қорғап қалған тараздық полицей елге оралды (фото)