Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада педофилді ұстап алған құрылысшылар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

ҚР Бас прокуратурасы басшысының орынбасары Андрей Кравченко Астанада педофилді қолға түсірген құрылысшылардың қандай жағдайда жазаға тартылуы мүмкін екенін айтты.

pedo-700x525

Бұл туралы Kazpravda.kz хабарлайды.

“Тексеру – олардың үстінен міндетті түрде қылмыстық іс қозғау деген сөз емес. Қоғамдық қауіпсіздік деңгейіне сай келмейтін жағдайда олар педофилге физикалық тұрғыда күш көрсеткен болса онда олардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бұл ұсталған адамның жауабына байланысты”, – деді Кравченко.

Сондай-ақ, ол тексерістің қылмыстық-процессуалдық кодекс аясында жүріп жатқанын хабарлады.

“Ешкім де жәйден жәй жауапкершілікке тартыла салмайды. Бұл терең зерттеліп барып іске аспақ”, – деді ол. Еске салсақ, кеше Астанада құрылысшылар қамыстың арасында 6 жасар қызды зорлағалы жатқан педофилді ұстаған еді.

Оқи отырыңыз:

Астанада 15-қабаттан құлаған қыздың оқиға алдында жазған хаты табылды

Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Жоламанов елбасыға хат жазып жатыр

Рахымжанмен бірге Рейхстагқа ту тіккен Гриша әділетсіздікке шыдамай асылып өлген

Ақтөбеде борышын өтегісі келмеген жауынгер әскери бөлімнен қашып кетті

Талқылау