AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада пайдалануға берілген үйлердің екінші иелері бар болып шыққан

Бәлеге қалдырған баспана. Астанада құрылысы жыр болған көпқабатты үйдің тұрғындары бас көтерді. Әупірімдеп құрылысты аяқтап баспаналарына кірген уақытта, әлдебіреулер үйлерін алып қоймақ екен.

«Аниса» тұрғын үй кешенінің 26 пәтерінде құжат бойынша екі қожайыны бар болып шыққан. Ал, құрылысты жүргізген мердігер компания әлдеқашан банкрот деп танылып, басшылары істі болып кеткен екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл – Астананың Қорғалжын тас жолында орналасқан көпқабатты тұрғын үй. Үш блоктан тұратын нысанның, тек бір бөлігі ғана аяқталған. Пайдалануға берілген үйдің сыйқы осы. Ол аз дегенде 130 пәтерден тұратын кешеннің басым көпшілігінде екінші иелері бар болып шыққан.

«Осы үйдің фундаментінен бастап, светінен бастап, суынан бастап барлығын өзіміздің қолымызбен ақша жинап осы хәлге жеткіздік. Тіпті, лестницалары ол кезде лифтылары да жоқ болатын. Оның қасында батареялары да ұрланып кеткен болған. Келгенде брошенный үй болатын бұл», – қала тұрғыны Роза Байдуанова.

«1 апрель 15 жылы осы «Аниса» тұрғын үй кешенінен 86 пәтерді «ЖСК Төлендіден» сатып алдым. Сентябрь айында застройщиктен хабар келді, кілтімді алып ремонт жасап мәз болып тұрып жатқан кезде, 16 жылдың аяғында соттан иск алдым. Менің пәтеріме Алиева Әсел Талғатбековна деген адам тағы да претендует», – дейді қала тұрғыны Ырысты Естияр.

Тұрғындар үш жылдан бері белгісіз үйдің екінші қожайындарымен соттасып келеді. Бір қызығы, келеңсіз жайға тап болғандардың көбісі көпбалалы аналар мен зейнет жасындағы қариялар.

«Ол кезде осы үй ешқандай условие болмаған черновой күйінде алғанбыз. Сол күйінде тұрдық бір жылдай. Содан кейін ремонт жасадық. Одан кейін 3 жыл уақыттан кейін 2018 жылы двойная продажа деп үйіме ешкім келген жоқ. Бірақ, соттан сондай үкім түсіп жатыр деген хабарды естідік», – дейді қала тұрғыны Ақмоншақ Ізғалиева.

Құрылысты шала-шарпы жасаған компания өкілдері сотталып кеткен. Ал, тұрғындар болса шым-шытырық оқиғаға кімді кінәларын білмей дал. Себебі, баспанамызға көз салып отырған екінші тарап сот отырысында мүлдем төбе көрсетпейді, дейді. Тек қорғаушылары ғана келеді екен.

“Төленді” құрылыс компаниясына бар жиған-тергенімізді бердік. Бірақ, арада екі жыл өткен соң пәтеріміздің екінші иесі шығып бізді сотқа берді. Екінші рет сатып алған адам, сотта жеңіп шығып, бізді баспанамыздан қуып шықпақ. Соттасып келе жатқанымызға неше жылдың жүзі болды», – дейді қала тқрғыны Сәуле Ташимова.

Ұлардай шулаған тұрғындардың құқықтарын қорғап жүрген адвокаттың айтуынша, азаматтардың қолында мүліктің өз меншігінде екенін растайтын барлық құжат бар.

“Бұл жерде бірнеше назар аударатын тұстар бар. Мәселен, Есіл аудандық сотының шешімі күмән келтіреді. Ал, Алматы аудандық соты мәселеге дұрыс қарады. Судьялар шынымен де пәтерлердің екінші қожайындарының қағаздары өтірік екенін растап отыр. Пәтерге иелік етуге мүмкіндік беретін құжаттар қолдан жасалған”, – дейді адвокат Бауыржан Қашқынов.

Алайда, өткен аптада ғана халық алдында есеп берген қала әкімі Бақыт Сұлтанов өздері тарапынан қолданылған шаралардың арқасында Астанадағы проблемалық үйлердің санын 68-ден 29-ға дейін қысқарттық деп есеп берген еді. Тіпті, 2022 жылға дейін жыр болған тақырыпқа нүкте қоямыз деген-ді.

«Ендігі, үлескерлер мәселесі. Бұл өзекті тақырып менің жеке бақылауымда. Біз алданған тұрғындармен жиі кездесіп тұрамыз. Ведомствоаралық комиссия құрылды, қыркүйек айынан бері құрылыс нысандарын араладық. Барлық баспанасына қол жеткізе алмай жүрген жұртқа 2022 жылға дейін мәселені толық шешіп береміз», – дейді қала әкімі Бақыт Сұлтанов.

Десе де, шындық іздеп шырылдаған тұрғындар тиісті органдардан көмек сұрайды. Адал еңбек, маңдай терімен тапқан дүниесін кім көрінгенге бермек емес. Ол үшін барлық әрекетке барамыз деп белді бекем буып отыр.

«Әділ шешім талап етеміз. Әділ шешім талап етеміз».

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр