Астанада пандемия кезінде жоғалып кеткен ер адам табылды
Астанада туыстары 2020 жылдан бері іздеп келген 48 жастағы ер адам табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, "Кезбе" операциясы қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмектесу және із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеу мақсатында ұйымдастырылған.
"Төрт жыл бойы туыстары оның қайта оралатынына сенген. Полицейлердің келісілген әрекетінің арқасында ер адам аман-есен табылды. Ол көп жылдар бойы мүлде көрмеген отбасымен қайта қауышты", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, рейд барысында полицейлер түрлі қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 4 қылмыскерді, құқық бұзушылық жасады деген күдікпен 6 адамды ұстады.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі