Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада өзіне қол салған қыздың артында 2 жасар сәбиі қалған

Астаналық полицейлер биіктен секіріп, қаза тапқан қыздың кім екенін анықтады.

1493970

Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі басшысы Софья Қылышбекова Sputnik Қазақстан агенттігіне айтып берген.

“Жедел іздеу шаралары нәтижесінде полицейлер қаза тапқан қыздың кім екенін анықтады. Ол 1997 жылы туған Ақмола облысының тұрғыны екен. Астанада уақытша жігітімен тұрып жатыпты”, — дейді Қылышбекова.

Оның айтуынша, қыздың бір жас жеті айлық баласы бар екен.

Қыздың достары мен жақындары тергеліп, олар қыз бен бірге тұратын жігіті арасында келіспеушіліктер болғандығын айтып берді.

Бұдан бұрын Астана полициясы биіктен құлап, өзін өлтірген қыздың кім екенін анықтауға жәрдемдесуді сұраған болатын. Қаза тапқан әйелдің денесі Асан Қайғы көшесі бойында тамыз айының басында табылған еді.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында көліктің дөңгелегі жарылып, баласы мен анасы көз жұмды

Астанадағы Нұра-Есіл каналында пиранья балықшыны тістеп алды

Ақмола облысының тұрғынына найзағай түсіп көз жұмды

ОҚО-да екі ауылдың балалары бір-біріне қарсы оқ жаудырды

Талқылау