Астанада өзін-өзі қорғамақ болып, ер адамды өлтіріп алғаны үшін сотталған әйел ақталды
Астанада өзін-өзі қорғау кезінде ер адамды өлтіріп алып, сол үшін сотталған әйел ақталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әйел қорғанбақ болған кезінде ер адамды өлтіріп алған.
Алқа оған қатысты қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақтау үкімін шығарған. Бұған дейін сотталушы қажетті қорғаныс шегінен асып, жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айырылды.
"Жәбірленуші Н. сағат 23.00 шамасында сотталушы О.-ны аңдып, үйінің жанында күткен. Кездесуде барысында әйелдің көлігіне мініп, қарым-қатынасты жалғастыруды өтінген. Әйел бас тартқандықтан, Н. оның телефонын тартып алған”, – деп мәлімдеді сотта.
Мәлімдеуінше, сағат 5.23 шамасында О.-ны күтіп, көлігінің алдына жүгіріп шығып, оны тоқтатты. Әйел кеш қайтқаны үшін оның ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Көлікте отырған әйелді ол сыртта тұрып, қылқындыра бастады.
“О. өз өмірі үшін қорқып, одан құтылу үшін көлікті жүргізе бастаған. Алайда Н. өзінің заңсыз әрекеттерін жалғастыра отырып, екі қолымен жүргізуші жақтағы терезені ұстап алды. Әйел сонда да көлікті тоқтатпай, нәтижесінде Н. жолға құлаған. Содан ол ауыр дене жарақатынан мерт болды", – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.
Әйелде зиян келтіру ниеті болмағандықтан, сот оны ақтап шығарды.