Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада өзін өртеп жіберген әйелдің тағдырына Бас прокурор араша түсті

Жақып Асанов Майра Рысманованың арызына құлақ аспай, істі ушықтырғандарды анықтап жатыр екен. Бұл туралы КТК хабарлайды.

542b434f472e17a08228d132cf8

Фото: Kapital.kz

“Жантүршігерлік жағдай болды. Бірақ бұл аяқасты орын алған оқиға емес. Жергілікті құзырлы органдар адамдардың арыз-шағымын тыңдамаған соң жұрт шарасыздықтан осындай қадамға барады. Қолымыздан келгенше көмектесуге тырысамыз. Жауапсыздық танытқандармен өзім жеке сөйлесемін”, – деді Бас прокурор Жақып Асанов.

Сондай-ақ, осы оқиғадан соң Асанов Бас прокуратурадағы күзеттің күшейтілмегенін айтты. Керісінше, тұрғындардың шағымын мұқият қараудың жаңа жүйесін ойлап таппақ.

Естеріңізге салсақ, кеше Астанада тура Бас прокуратураның өткізу пунктінде 48 жастағы әйел үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген еді. Жамбыл облысы, Шу ауданының тұрғыны Майра Рысманова полицейлердің 28 жастағы ұлының қалтасына қасақана героин салып қылмыстық іс қоғағанын айтады. Бұған дейін ұрлықпен жазасын өтеп шыққан жігітті сот қайта 4 жарым жылға соттап жіберген. Ал әділдік таппай өзін жағып жіберген ананың өзі әлі хәл үстінде жатыр.

“Науқастың жағдайы өте ауыр. Денесінің 60 пайызы күйіп қалған. Әлі есін жиған жоқ, жансақтау бөлімінде. Оны күйікке қарсы арнайы кереуетке жатқызып, ем-дом жасап жатырмыз”, – деді Астана қаласындағы №1 аурухананың бөлім меңгерушісі Павел Кутняков.

Оқи отырыңыз:

Желіде Қазақстаннан қашып кеткен Рысқалиевтің видеосы пайда болды

9 жасар оралман қыздың министрге жазған хаты қазақстандықтардың жүрегін ауыртты 

Атырау облысында әкімге жалпақтаған лауазымды полицей жұмыстан қуылуы мүмкін

«Астана-Көкшетау» тас жолында ер адамның ерлікпен ажал құшқаны белгілі болды

Талқылау