Астанада өтетін Grand Slam жарысына қатысатын қазақстандық дзюдошылардың тізімі анықталды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы баспасөз қызметі
2025 жылы Астанада өтетін Grand Slam сериясындағы әлемдік турнирге қатысатын қазақстандық дзюдошылардың есімдері белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған жарыс 9-11 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Турнирге 48 елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Көрермендер үшін кіру тегін болады.
Қазақстан ұлттық құрамасы турнирге толық құрамда қатысады. Ерекше назар 2024 жылғы Олимпиадада қола жүлде алған және содан кейін жарыстарға қатыспаған Гусман Қырғызбаевқа аударылып отыр. Ол халықаралық татамиге қайта оралады.
Ерлер құрамасы:
-60 кг: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан, Дәурен Сүйкенов, Талғат Орынбасар
-66 кг: Гусман Қырғызбаев, Ердәулет Бозша, Бауыржан Нарбаев, Мирас Жонысов
-73 кг: Саят Сейтқалиев, Қуан Барыс, Бақытжан Әбдірахманов, Есет Қуанов
-81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек, Азат Күмісбай
-90 кг: Аян Байғазы, Құдырет Досымов, Айдар Арапов
-100 кг: Марат Байқамұров, Бейбіт Мадеев, Бақжан Байтас
+100 кг: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев, Жамбыл Тұрғыналиев
Әйелдер құрамасы:
-48 кг: Диана Буркеева
-52 кг: Құндыз Жылқыбай, Айшабибі Мұрадимова
-57 кг: Дина Мұханбет, Дана Әбдірова
-63 кг: Асылжан Орынбасарова
-70 кг: Аруна Жангелдина, Кристина Сотникова, Диана Тельбаева, Анастасия Морозова
-78 кг: Назерке Тілеуханова, Зәмзәгүл Файзолланова
+78 кг: Ақерке Рамазанова, Толқын Тұрсынақынова.

“Кадрда көрінбеуің керек": "Жайдарман" ойындарын көруге барған қазақстандық ару орамалы үшін қысымға ұшыраған
