Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада наразылық білдіріп жолды жапқан тұрғындарға айыппұл салынды

Астанада наразылық ретінде жолды жауып тастаған тұрғындарға айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Астана прокуратурасы 8 маусымда бір топ қала тұрғынының мүлік иелері бірлестігі (МИБ - ОСИ) төрағасының отырыс хаттамасын бұрмалауына наразылық білдіру мақсатында жол қозғалысын жауып тастағанын мәлімдеді. 

"Тұрғындар жол қозғалысы ережелерінің талаптарын өрескел бұзып, полиция қызметкерлерінің талаптарын орындамай, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Нәтижесінде тоғыз құқық бұзушы полицияға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Әрқайсысына 8 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

"Астана қаласының прокуратурасы заң бұзу фактілеріне жол бермеуге, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды ескертеді және талаптарды орындамағаны немесе заңсыз әрекеттер жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады", – делінген қалалық прокуратураның хабарламасында. 

Талқылау