Астанада миллиардтаған теңге қаржы жымқырған құрылыс компаниясының басшысы 7 жылға жуық мерзімге сотталды

Астана қаласының арнайы прокурорлары құрылыс компаниясының басшысына қатысты қылмыстық істі аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана прокуратурасының мәліметінше, құрылыс компаниясының қызметінде мемлекеттен Астанадағы проблемалық тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға бөлінген 2,1 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталған.
Сыбайлас жемқорлық рейтингі: Қазақстан 96-орынға төмендеді
Шымкентте ақша жымқырғаны үшін сотталған университет ректоры жазадан құтылып кетті
“Сот үкімімен кінәлі тұлға аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысымен байланысты коммерциялық ұйымдарда 10 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып оған 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке 412 миллион теңге қайтарылғанын атап өтті.
Материалдық залал өндірілген. Үкім заңды күшіне енді.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда мыңдаған тұрғын құрылыс компанияларының арасындағы даудың кесірінен пәтерлерін ала алмай жүргені туралы жазған едік.
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіруге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады