Астанада мас күйде көлік жүргізіп ұсталған судья қызметінен босатылды

Астанада мас күйде көлік жүргізіп ұсталған судья қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жоғары сот кеңесі Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әсел Досаеваның қызметінен босатылғанын хабарлады.
“Жоғары сот кеңесі жанындағы Сот жюриінің 2026 жылдың 22 қаңтарындағы шешімімен Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Досаева Ә.К. судьялық әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оған судья қызметінен босату түріндегі тәртіптік жаза қолданылды”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада мас күйде көлік жүргізген судья ұсталғаны туралы жазған едік. 2025 жылдың 1 қарашасында жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен Досаеваның мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Осы оқиғадан кейін қазақстандықтар сот жүйесіне алаңдаушылық білдіріп, Тоқаевқа хат жолдады.
Ал 2026 жылдың қаңтарында судьяның ісі сотқа жетіп, ол заңды түрде 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынбай, тек айыппұлмен құтылып кеткен еді.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы