Астанада мас әйел қызын пешке өртеймін деп қорқытқан
Қызына қатыгездік танытып, бірнеше рет жазалаймын деп қоқан-лоққы көрсеткен, ішімдікке салынған жалғыз басты ана ата-аналық құқығынан айырылды, деп хабарлайды Астана қаласының ювеналдық соты.
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Баспасөз қызметінің хабарлауына сәйкес, қыста полицияға мас әйел телефон соғып: “Егер баланы алып кетпесеңдер, мен оны пеште өртеп жіберемін”, — деген. “Әйел – жалғыз басты ана, ішімдікке салынып кеткен. Бұрын оны ата-ана құқығынан шектеген, бірақ кейіннен шектеу алынып тасталған. Бір ай өткен соң ақпанның басында ол баласын өртеп жібермек болды. Ол екі жасқа толмаған қыз бала. Дер кезінде келіп үлгерген ішкі істер басқармасының қызметі сәбиді алып кеткен”, — деді Sputnik Қазақстанға соттың баспасөз хатшысы Сымбат Хабидуллаева.
Сәбиді алдымен ауруханаға “ауруханадан тыс екі жақты бронхопневмония, қатты қабыну” диагнозымен ауруханаға жатқызды, одан кейін оны Сәбилер үйіне орналастырады. Осы уақыт бойы әйел Сәбилер үйіне бірақ рет телефон соғып, баласының сонда екеніне көзін жеткізген. Іс кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі елордалық мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Сот әйелді ата-аналық құқығынан айырды. Сот отырысына әйел қатысқан жоқ, осыған байланысты сотқа құрмет көрсетпегені үшін ол әкімшілік жауапқа тартылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
Атырауда балабақшадан қашып кеткен бүлдіршін суға кете жаздады
Бұған дейін кінәсін мойындаған Тұңғышбай Жаманқұлов енді сөзінен бас тартты
Шымкентте мешіт жанында атыс болып, бір жасөспірім қаза тапты