Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Астанада лифтте 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты

Видеодан скрин

Астана соты лифтте балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімге қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 14 жастағы К-ға қатысты қылмыстық іс келіп түскен. 

Сот айыпталушы К-ның II топтағы мүгедек екенін, психоневрологиялық диспансерде есепте тұра отырып, 2025 жылғы 11 ақпанда тұрғын үй кешенінің лифтінде болған кезде кәмелетке толмаған Е-нің денесіне зақым келтіріп, оның бетіне пышақпен жарақат салғанын анықтады.


Астанадағы лифтте пышақ жарақатын алған 5 жасар баланың өмірін дәрігер көршісі құтқарып қалған

“Анасы емнен бас тартқан”: Денсаулық сақтау министрі лифтте балаға шабуыл жасаған жасөспірім туралы айтты


"Сот психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес К созылмалы психикалық аурудың салдарынан, әрекет кезеңінде өзінің іс-қимылының нақты сипаты мен әлеуметтік қауіптілігін түсінбеген және оларды басқара алмаған, психикалық жағдайы бойынша өзіне және қоғамға қауіп төндірген. Мәжбүрлеп емдеуді қажет етеді", - делінген сот хабарламасында.  

Сот заңға сәйкес қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған уақытта есі дұрыс емес күйде болған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын атап өтті. 

"Сот қаулысына сәйкес, К-ға Талғар ауданы Ақтас ауылындағы қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мекемеде стационарлық мәжбүрлеп емдеу тағайындалды", – делінген сот қаулысында.

Еске салсақ, 2025 жылдың ақпан айында Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде 14 жастағы жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастағаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 12 Мамыр, 2025 21:22
Талқылау