Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада лифтіде тәртіпсіздік жасаған әйел қамауға алынды

Астанада полицейлер лифтіде тәртіпсіздік жасаған 33 жастағы әйелді қамауға алды. Бұл туралы туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: polisia.kz

Астана қаласы Алматы ауданының Полиция басқармасының тәртіп сақшылары Ж. Жирентаев көшесіндегі тұрғын үй кешенінің лифтісіне кіріп, оны қасақана бүлдірген күдіктінің кім екенін анықтады. Белгілі болғандай, 33 жастағы азаматша бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбадан әйелдің лифтіге түкіріп, кабинаны жұдырығымен ұрып, тырнағанын көруге болады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек негізінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабы 1-бөлігімен ("Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау") 5 АЕК (18 460 теңге) көлемінде айыппұл, 434-бабы 1-бөлігімен ("Ұсақ бұзақылық") 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Айта кетейік, қоғамдық орындарда әдепсіз сөздер айтып, қорлау, ғимараттар мен өзге де құрылыстарға, қоғамдық орындарға залал келтіру және қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын басқа да осыған ұқсас әрекеттер үшін – 15 күнге дейін қамауға алу әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 

Материал Астана қаласының Әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім қабылдау үшін жіберілді.
 

Талқылау