Астанада құрылғы сынып кетті: Әйел мүгедек арбадан құлап түсті
Видеодан скриншот
Астанада ерекше қажеттілігі бар әйелді көтеріп тұрған көтергіштің бекітпелері ажырап кетті. Соның салдарынан әйел арбадан құлап түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотта болған. Құрылғы төмен құлап, зардап шеккен әйел арбадан түсіп, бетон қоршауға соғылған. Әйелдің беті ісіп кеткен.
Оны алып жүрген көмекші оны ұстап үлгермеген. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған.
Зардап шеккен әйел – бірінші топ мүгедегі, омыртқасын жұмыста жарақаттаған. Қазір ол емделу мен оңалтуға өтемақы төлеуді сот арқылы талап етіп жүр. Оқиға болған күні сот процесіне өзі қатысу үшін келген.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда №1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірінші топ мүгедегінің соққыға жығылғаны туралы туыстары хабарлаған. Олар мемлекеттік органдарды тексеріс жүргізуге шақырып, өңірлік полиция тергеуді бастаған еді.
Талқылау

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
Оның айтуынша, жаңа салық кодексінде әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ