Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада қылмыстық топ басшысының әйелі күйеуіне түрмеге оқ әкелген

Жазасын өтеп жатқан Ұйымдасқан қылмыстық топ басшысының зайыбы кездесу кезінде оған патрон бермек болған, алайда оның жсопары жүзеге аспады.

10183260

Фото: Евгений Биятов

Колонияға күйеуіне ату жарақтарын беру үшін алып өтпек болған әйел ұсталды, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Оқиға 1 наурызда ЕЦ-166/10 мекемесінде оболды. 6636-әскери бөлімінің бақылаушысы Бексаринова күйеуіне кездесуге келген әйелін тексеру барысында 9 мм калибрлі 17 патрон тәркіледі. Оқиға орнына жедел тергеу тобы келді.

“Оның күйеуі колонияда қарақшылығы үшін жазасын өтеуде. Түрлі бап бойынша 9 жылға сотталған. Оның ішінде қаруды, оқ-дәрілері, жарылғыш заттарды заңсыз сату, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдауды көздейтін 287-бап та бар. Жазасын өтеуші ҰҚТ құрамына кірді. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды”, — деп хабарлады баспасөз қызметінде. Мән-жайды тергеу анықтайды. Сол күні осындай жағдай ОВ-156/3  Өскемен қаласы мекемесінде де орын алды. Сотталған ағасына кездесуге келген әйелді тексеру кезінде шұлығынан 12 000 теңге табылды.

Жіберіп алмаңыз:

Өскеменде ер адам жанып жатқан үйден бала мен анасын алып шығып құтқарып қалды

Тікелей эфирде күйеуінің опасыздығы туралы айтқан келіншек енді үйіне баруға қорқып жүр

Талқылау