Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада күйеуі әйелін ұрып-соғып, кейін 10-қабаттан секіріп кеткен

Елордада ер адам әйелін ұрып-соғып, денесін жарақаттаған. Артынша өзі оныншы қабаттан секіріп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: rozluchennya-onlain.com.ua

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 1 қазан күні сағат 23:36-да болған. Жұбайлар арасында жанжал туындаған. Ол әйелді темір кілтпен (гаечный ключ) ұрған.

"Полицияға өмір белгілері жоқ ер адамның табылғаны туралы хабар түсті. Тергеу барысында ерлі-зайыпты арасында жанжал болғаны анықталды. Сол кезде ер адам әйеліне дене жарақатын салып, бұдан кейін тұрғын үйдің 10-қабатынан секіріп кеткен. Жәбірленуші әйел ауруханаға жатқызылды", – делінген хабарламада.

Қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.



Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 35 жастағы азамат төртінші қабаттан секіріп кетпек болғанын жазған едік. Оқиға 6 наурызда түнде шамамен сағат түнгі 00:55-те Алматы облысы Талғар қаласының жатақханаларының бірінде болған. Оқиға орнына дереу төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жетіп, бірден өмір кубы ашылып, жарық мұнарасы орнатылды. Қабылданған шаралармен жатақхананың төртінші қабатынан өзіне қол жұмасамақ болған 1989 жылы туған азамат құтқарылған.

Талқылау