Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада көпқабатты үй тұрғындары есіктеріндегі белгілерден қорқып отыр

Астанада тұрғын үйлердің біріндегі тұрғындар үйлеріне қауіп төнегін айтты. Өткен аптадан бері пәтер есігі құлыптарында айқын белгілір пайда болған. Тұрғындар үйлеріне ұрылар қауіп төндіреді деп қорқып отыр. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

«Тұрғындар шағымдана бастады. Олар есік құлыптарында белгілер, сызаттар, есікте қаламмен салынған белгілер пайда болғанын айтты. Бұлай жалғаса берсе ұрылар істерін оңай іске асырады деп отыр», – дейді «Арнау-4» тұрғын үй кешені менеджері Дана Кабдулдина.

Саңылаулы құлыптар, кілттердің жанындағы белгілер. Мұның бәрі балалардың ойыны немесе ұрылардың құпия белгісі. Тұрғындар ұрылардан қауіптеніп, есік құлыптарын ауыстырды. Айта кетейік, Астанада тек бір емес бірнеше тұрғын үйде осындай жағдай болған.

Мамандардың айтуынша, белгілер үй иелерінің қай уақытта келетінін білдіруі мүмкін. Домофонға қоңырау шалу және үнсіздік ұрылар үшін сигнал болып табылады.

«Мұнда белгілер пайда болғаан сәттен қауіптің алдын алған дұрыс. Құлып ауыстырып, мейлінше бірнеше құрылысты құлып алу керек», – дейді күзет агенттігінің техникалық директоры Тимур Бжиков.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбе облысында қайтыс болған 250-ден аса адамның мәйіті табылмай жатыр

Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі жалғызбасты зейнеткерлер үшін әлеуметтік үй тұрғызуды ұсынды 

Ақтөбелік қызметкерлер 8 жылдан бері әжейге азаматтық бермей, қайта тұрмысқа шығу керектігін айтқан 

Сапарбаев орынбасарына: Ұйықтасаң, ұйықтайтын жерге барасың 

 

Талқылау