Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев орынбасарына: Ұйықтасаң, ұйықтайтын жерге барасың

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев орынбасарының жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

“Ақтөбе-Атырау” тасжолын салуда жергілікті құрылыс материалын пайдаланып, дайындықты күшейтуді қадағалаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев орынбасарларына ұйықтамай жұмыс істеуді тапсырды.

Ақтөбеде көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған жиын болды. Жиын кезінде өңір басшысы өз орынбасары Серік Төленбергеновтің жұмысын сынады.

“Халықаралық әуежайы бар Ақтөбеде шетелге ұшатын екі ғана әуе рейсі бар. “Жұмыс көп, ал сен отырсың “ұйықтап”. Әзірге ештеңе жасап жатқан жоқсың. Ұйықтасаң, ұйықтайтын жерге барасың”, – деді өңір басшысы.

Еске сала кетейік, кеше Сапарбаев қоластындағы шенділердің мен мектеп директорларының жұмысын сынға алып, өзін “хан” сияқты сезінетін әкімдерді орнына қойған еді.

Тағы да оқыңыз:

Бахтияр Артаев басшылық қызметке тағайындалды

Актер Ерлан Біләл сотта көзіне жас ала отырып соңғы сөзін айтты

 

Талқылау