Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев: ауыл әкімдері мен мектеп директорлары өздерін «хан» сезінеді

Жиналыс кезінде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ауыл әкімдерін сөгіп тастады. Оның ауыл әкімдері мен мектеп басшылығына жасаған ескертуі “Ақтөбе news” басылымында жарияланды.

 

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сапарбаев өткен жылы облыстағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді талдау барысында «ұйықтап жүрген әкімдерді» сынға алды. Оның айтуынша, ауыл әкімдері мен мектеп директорлары өздерін «хан» сезінеді.

«Олар өмір бойы әкім боламын деп ойлап жүр. Мен оларға үнемі бұл сендердің әкелерің сатып алып берген қызмет емес деп ескертемін. Қарап отырсам, мектеп дирокторлары мен ауыл әкімдері «хан» болып алыпты. Мектеп пен ауылды өздерінің жеке меншігі деп ойлайды. Қазір ұйықтайтын заман емес. Ол уақыт баяғыда өтіп кеткен», – деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, кейбір ауылдық округтерде «Құлан» және «Алтын асық» мемлекеттік бағдарламаларының төмен деңгейде орындалуына назар аударды.

«Тапсырманы орындай алмасаңыздар бірден айтыңыздар! Егер мойындарыңа мұндай міндет жүктей алмасаңдар, барып мал бағыңдар!», – деді облыс басшысы.

Жіберіп алмаңыз:

Министр Абу-Даби ғимаратындағы дауға қатысты түсініктеме берді 

Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болуы мүмкін 

Нұрсұлтан Назарбаев «Халықтың сүйіктісі» сыйлығына ие болды (фото) 

Ресейдің экс-президенті Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты әзілдеді 

 

 

 

Талқылау