Астанада конькимен жүгіруден ел кубогы өтпек
Фото: olympic.kz
13–15 қазан күндері Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогы өткізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жарыс жаңа маусымдағы ұлттық құраманың қорытынды құрамын жасақтап, спортшыларға Олимпиада-2026 лицензиясына іріктеу кезеңдерінде бақ сынауға жол ашады.
Қазіргі уақытта елордада құрама спортшылары оқу-жаттығу жиындарынан өтуде. Дайындық аяқталған соң, маңызды республикалық турнир басталады.
Олимпиада жолдамалары төрт әлем кубогы кезеңінің нәтижесімен үлестіріледі. Бірінші кезең 14–16 қарашада АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтсе, екінші кезең 21–23 қараша аралығында Канададағы Калгариде ұйымдастырылады. Үшінші кезең 5–7 желтоқсанда Нидерландының Херенвен қаласында өтсе, соңғысы 12–14 желтоқсанда Норвегияның Хамар қаласында өтеді.
Талқылау

"443 мың теңге айыппұл”: Қазақстандықтар екі-үш жерде жұмыс істесе қандай жауапкершілікке тартылады
Қазақстандықтар: “Екі-үш жерде жүмыс істемесек бір айлықпен аш қаламыз”

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
Әлеуметтанушы: "Студентке салық салу – мемлекеттің жасап отырған үлкен қателігі"