Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада көлігіне 220 миллион теңге айыппұл салынған жүргізуші ұсталды

220 миллион теңге айыппұлы бар көлік

Фото: polisia.kz

Астанада 220 миллион теңге айыппұл салынған көлікті тізгіндеген жүргізуші ұсталды. TANK маркалы көлік Бөгенбай батыр даңғылында тоқтатылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Көлікті тізгіндеген 40 жастағы елорда тұрғыны. Ол көлікке иелік ететін компанияда жұмыс істейді. Көлікті тоқтату барысында ер адамның жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзып, айыппұл салу туралы бұйрықты елемейтіні анықталды.



Көлік мамандандырылған тұраққа жеткізілді. Құқық бұзушыға қатысты орындау өндірісі басталды. Істер жеке сот орындаушыларына берілді. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес, берешекті өндіріп алу шараларын қабылдайды.

Полицейлер әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтару жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті. Тәртіп бұзушылар айыппұлды уақытында төлеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы керек.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық таксист жолаушыларды тасымалдаймын деп айыппұл арқалағаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 02 Шілде, 2025 16:42
Талқылау