Астанада қылмыскерді ұстауға көмектескен 14 жастағы студент марапатталды
Астанада полиция қылмыскерді ұстауға көмектескен 14 жастағы жасөспірімді марапаттады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
No49 орта мектептің оқушысы Кемеңгерұлы көшесінің бойында кешкі уақытта әйелге қарақшылық шабуылын көреді. Оның көмекке шақырып жатқанын естіп, қорықпай қасына барып, досына телефон соғып, полицияға хабарлаған. Кейін ол әйелге көмектесу үшін айналадағы адамдарды, көліктерді тоқтатқан. Бірнеше минуттан кейін патрульдік полиция келіп, жасөспірім оған ер адамды сипаттап қай бағытқа кеткенін айтты. Осылайша тәртіп сақшылары қылмыскерді ұстаған еді.
Астана қалалық ІІД бастығы Марат Төлебаев осындай сәтте болып жатқан оқиғаға жай қарамай, батылдық танытқан 8-сынып оқушысын салтанатты түрде дипломмен марапаттады.
"Көрсетілген батылдық пен жағдайға немқұрайлы қарамау ең жоғары бағаға лайық. Бұл сізді ұқыптылыққа, кез келген сәтте көмекке ұмтылатындай етіп тәрбиелеген ата-анаңыздың, ұстаздарыңыздың ерен еңбегі", - деді Төлебаев.