Астанада қайырымсыз балалары қартайған шағында анасының үйін тартып алды
Қарт анасын қапаландырған балалар. Астанада 75-тегі кейуананы өзегін жарып шыққан ұлы мен қызы далада қалдырмақ. Олар Айтжамал әже тұрып жатқан пәтерді өз аттарына аударып алып, ол кісіні баспанадан қуып шыққысы келіп жатыр екен.
Шарасыз ана сотқа шағымданғанымен, ондағылар шағымды отбасылық мәселе деп, қарамай қойыпты. Амалы тусылған жан Еуразия бірінші арнасындағы “Басты жаңалықтар” қызметіне хабарласып, көмек сұраған.
Айтжамал Әшімованың жасы 75-те. 4 баланың анасы. Екі ұл, екі қыз сүйген. Бір қызы 1-топтағы мүгедек болғандықтан, 20 жыл бойы соған қараған. Сөйтіп жүргенде Құдай қосқан жолдасы жарымжан баласына қараудан бас тартып, тастап кеткен. Қолында сол қызынан туған немересі бар.
«Маманың ағайындары бар. Бірақ та ешкім осы жылдар бойы көмектескен жоқ. Көмектескеннің орнына әжемнің жылдарының соңында квартирасын тартып алып, басқа ештеңе істеген жоқ. Маманың қазір қолдары да қозғала алмайды.
Жүре алмайды. Әжем осы 20 жылдай бойы мамама қарады. Және мені бақты, өсірді. Оған әрине үлкен рақмет» – дейді Айтжамал Әшімованың немересі Жандос Ыбыраев.
Кейуананың қос баласы атына тартып алған бұл жалғыз пәтер емес екен. Мүгедек қызына мемлекет берген баспананы да аттарына аударып, сатып жіберген.
Шарасыз ана әділет іздеп, сотқа шағымданған. Ал құзырлы орган өкілдері мұны отбасылық мәселе деп қарамай, жылы жауып қойған. Анасының бұл әрекетін естіген баласы хабарласып, тіпті қоқан-лоққы көрсеткен.
« Я вам прямо говорю, если вы еще раз, кто-то из вас напишет бумагу, я Заурешке скажу, она выселет вас из дома»,-деп телефон арқылы өз анасын қорқытты Айтжамал ананың туған баласы.
«Мама, она выселят не будет, я ей скажу чтобы она эту квартиру продала. И вас будут выселят другие люди»,-деді қайырымсыз ұл туған анасына.
«Мен сенің қайда баратыныңды білемін, сен үйде тұрмауың керек, сен далада тұруың керек. Как бичтар секілді дейді маған. Сосын мен айттым, қалай мен жүремін. Менің өмір бойы үйім болды. Бәлен бала тәрбиеледім.
Мені өкімет далаға тастаған жоқ. Сенің мына үйге еңбегің сіңді ма? Сен әлде маған ақша бердің ба деймін. Мен сені оқыттым ғой, жеткіздім ғой, сенің маған істеп отырған рақметің осы ма деймін» – Айтжамал Әшімова.
Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған байқұс ана, балаларына қайта хабарласып ендігі күнім не болады деп сұрамақ болған.
– Ма, че вам надо? Вы мне скажите?
– Маған ештеңе де керек жоқ. Квартирамды ертеңнен бастап, әкеп бер де, оформить ет. Бітті. Одан басқа сендерден ештеңе требовать етпеймін, көрмесең де, көмектеспесең де өзің біл. Сәуле мынау ол ауырып отыр. Бір рет оған кәмпит әкеліп бердің бе? Мен 3 рет операция жасағанда бір рет те келмедіңдер.
-Давайте сделаем так, сейчас я не могу разговаривать, давайте по позже поговорим».
Шарасыз хәлдегі ана қызына да хабарласып көрді. Алмады. Ал, 4 баланың анасына үлкен қызы тыныштық беруге де уәде еткен екен. Анасы оның сөзінен тайқып кетсе қолданамын деп видео таспаға да жазып алған екен.
«Квартиру мам я тебе верну. Все./ Маме я верну. Мне чужого не надо. Вот подожди до 20-21 сентября» – дейді қызы.
Алайда, жетесіз перзент берген уәдесінде тұрмаған. Қазір ол сөзінен айнып, анасының үйін қайтарамын деген ойы да жоқ. Керісінше далаға қуып отыр.
Өз балалары өзекке тепкен жан енді кімнен көмек сұрарын білмей дал. Ұлы мен қызы өз аттарына аударып алған баспанадан қуып шығатын болса, мүгедек қызына туған немересімен қайда барып күнелтерін білмейді. Бір шеті өзі қарай алмаған соң “мүгедектер үйіне ” өткізген қызының да ертеңіне алаңдаулы.
Оқи отырыңыз:
Үш ай сайын некесін қидырған ақтөбелік келіншек жат ағымға қалай түскенін айтып берді (видео)
Жамбыл облысында кене шаққанын білмеген 5 баланың анасы көз жұмды
Шымкенттік үш кәсіпкер жол полициясының мұрнын бұзып, погонын жұлып тастады (видео)
Талдықорғанда бүлдіршін балабақшадан үйіне қайтып келген соң шетінеп кетті