Астанада Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі және Ninety one тобы тегін концертте өнер көрсетеді
1 маусымда сағат 18:00-де «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуы қарсаңында «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда ашық аспан астындағы Open Air шоу-концерті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жаздың алғашқы күнін осылай қарсы алады. Шара барысында ТМД мемлекеттерінен 30-дан аса танымал орындаушы өнер көрсетеді.
Астаналықтардың назарына ВиаГра, MBand, Қайрат Нұртас, Глюкоза, Төреғали Төрелі, Макс Барских, МОТ, Натан, Жанар Доғалова, Айқын, Әли Оқапов, «Орда», «Формат», «Ninety one» топтары, белгілі украин әншісі Alekseev және басқалары ән шырқайды.
Open Air концерті тегін өтеді, қазіргі заманғы эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін шараны бәрі де тамашалай алады.
Еске салайық, отандық және шетелдік орындаушылардың қатысуымен Open Air шарасы Астане үшінші мәрте өткізілмек.
Өткен жылдары Open Air концертіне Филипп Киркоров, Валерия, Потап пен Настя, Максим, Егор Крид, Катя Лель, Анна Седокова, Сати Казанова, Дима Билан, Сергей Лазарев, Валерий Меладзе, Григорий Лепс, Ани Лорак, Полина Гагарина, Нюша, Вера Брежнева, Ёлка, «А-Студио», «Банд’Эрос», «Дискотека авария», «Градусы», «Серебро», «Блестящие» топтары және т.б. қатысқан.
Айта кетейік, 1 маусым – Балаларды қорғау күні өтетін Open Air шарасына қатысушылар балалар үйлерінде, ауруханаларда және Астана қаласының басқа да мекемелерінде қайырымдылық шараларға атсалысады.
Тағы да оқыңыз:
Тұңғышбай Жаманқұлов шартты түрде жазалануы мүмкін
Мұрат Қожаның бұрынғы жары үш қызымен қалай күн көріп жүргенін айтты
Ерке Есмахан бұрынғы күйеуінің ұлына алимент төлемейтінін айтты