Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада қансыраған күйі ауруханаға түскен сәбидің ағасы оның төсектен құлап қалғанын айтты

Аяусыз соққыға жығылды делінген  бес жасар қыздың ісімен Ішкі істер министрлігі айналысып жатыр, деп хабарлайды КТК.

Астанадағы балалар ауруханасына түскен бүлдіршіннің жағдайына бүгінде бүкіл ел алаңдаулы. Қазір оған ота жасалып, беті бері қараған. Ал періштені осынша хәлге жеткізген кім?

Қазір кішкентай қыздың  жағдайы тұрақты.  Өміріне төнген еш қауіп жоқ. Көңілін аулаған медбикелермен ойнап жатыр. Дегенмен, дәрігерлердің қатаң бақылауында болғандықтан, жақындауға болмайды. Ал осыдан төрт күн бұрын жедел жәрдем көлігімен ес-түссіз мынадай хәлде жеткізілген болатын. Қасында нағашы ағасы болыпты.

“Басынан аяғына дейін көгерген іздері болды. Содан кейін балаға компьютерлік тамография жасадық. Онда субдуральді қан ұйыған болды, гематома. Сондықтан баланы операцияға алдық, ота жасап. Отада субдоральді гематома болып, отадан алып шықтық”, – дейді №2 қалалық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Ербол Қозыбағаров.

Бұл суретті әлеуметтік желі арқылы таратқан автордың сөзіне қарағанда, әкесі қайтыс болған, шешесі есірткі таратып, түрмеге түсіпті. Бүлдіршін нағашы ағасының тәрбиесінде болған екен. Көрген күнін елестету қиын. Бет әлпетінің сау жері жоқ. Туыс ағасы кереуеттен құлады деген екен. Бірақ, балалар омбудсмені Зағипа Балиева бұған күдікпен қарайды. Сондықтан жанүршігерлік оқиғаны бүге-шүгесіне дейін тексермек.

“Кішкентай балапан ағасының үйінде тұрды. Ағасының отбасы бар, жұбайы бар, екі баласы бар. Соның қазір бәрін тексереміз, неге сондай жағдайға ұшыраған? Сондай қиындыққа қыз кез болды?”, – дейді ҚР Балалар құқы жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева.

Ал нағашысы болса, министрліктердің бірінде істейтін мемлекеттік қызметкер екен. Ол жиенінің кереуеттен құлап оңбай жарақаттанғанын айтып отыр. Десе мән жайды есін жиған бойда  жеткіншектің өзінен сұралмақ. Ал кішкентай қыздың тағдырына алаңдаған адам көп. Көбі асырап алғысы келеді. Сондықтан, дүйім жұрт тергеу шараларының қорытындысын күтіп отыр.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда ауруханаға түскен сәби бір айдан кейін сал болып қалды

Елімізде бастығы жыныстық қатынасқа мәжбүрлейтін қыз-келіншектер мұңын айтты

Елімізде сексуалды қорлыққа түскендер үшін құпия сенім телефоны жұмыс істейтін болды

Талқылау