Астанада қандай құрылыс компанияларының қаза тізімге қосылатыны белгілі болды
Астана әкімдігі инженерлік желіні жүргізбей тұрғын үй салған компаниялардың қара тізімге қосылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімдік мәліметінше 2023 жылдың қаңтарынан бастап инженерлік желі мен бас жоспармен келісім жасалмаса, құрылысқа рұқсат берілмейді.
"Сонымен қатар қандай да бір компания бұл шарттарды орындамай құрылысты жалғастырға, алаңда құрылыс тоқтайды және компания қара тізімге қосылады", – делінген "Қазинформ" басылымына берген жауапта.
Бұған дейін Астанада 206 үйдің апатты жағдайда екені айтылған. Сондықтан 2023-2029 жылдары сүрілуі керек 206 үйдің тізімі жасалған.
Талқылау