Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада инватакси саны артты

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалада инватакси санының 30 бірлікке артқаны жөнінде мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

астана

Фото: Gov.kz

Қала басшысының сөзінше биыл инватакси саны 30 бірлікке жуық артты. Мәселен, былтыр 117 көлік болса, қазір 145 көлік бар.

“Инватаксидегі маңызды мәселе – мүгедектігі бар жандарды кресло-арбамен тасымалдауға арналған мамандандырылған машиналар санын арттыру. Мұндай арнайы машиналардың саны 26-ға дейін өсті. Бүгін Көлік министрі Марат Қарабаевпен осындай арнайы машиналардың артықшылықтарымен таныстым”, – деп жазды Жеңіс Қасымбек. 

астана

Фото: Gov.kz

Жалпы соңғы екі жылда инватакси саны Астанада 2 есеге жуық артқан.

“Инватакси мүгедектігі бар жандарға тең мүмкіндіктер береді, олардың әлеуметтік интеграциясына және өмір сүру сапасына, қозғалу еркіндігін жақсартуға әсер етеді. Жаңа техника көрсетілетін қызметтердің жылдамдығын, үйлесімділігін және тиімділігін арттырады. Сол сияқты оңалту орталықтарының желісін, қалалық ортаның қолжетімділігін, протездік-ортопедиялық көмекті, санаторий-курорттық емдеуді және т.б. кеңейту бойынша жұмыс істейміз", – деп қосты әкім.

астана

Фото: Gov.kz

Талқылау