Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада хаттамалардың орындалуы туралы шулы аудиодан кейін полицей жұмыстан қуылды

Астанадағы учаскелік полицейлер протоколдарды рәсімдеуге қатысты дау шыққаннан кейін, аудандық полиция басқармасының уақытша басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ішкі істер министрлігі

Ішкі істер министрлігі қызметтік тексеру жүргізгенін атап өтті.

"Тексеруден кейін Сарыарқа ауданының жергілікті полиция қызметі бөлімінің уақытша басшысы қызметінен босатылды. Учаскелік инспекторлардың құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысы "заң және тәртіп" қағидатын қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті жүзеге асыруға бағытталған", – делінген министрлік хабарламасында.

Әлеуметтік желілерде тараған аудиожазбада, учаскелік инспекторларға протоколдарды көптеп рәсімдеу жөнінде тапсырма беріледі. Ер адам нақты құқық бұзушылықтар бойынша олардың жеткіліксіздігін атап көрсетеді. Жазбада тапсырманы Астана қаласы полиция департаментінің қызметкері бергені айтылған.

"Әр учаскелік инспектор 15 протоколдан рәсімдеуі керек. Бізде 70 учаске бар, әрқайсысына 15 протоколдан. Біреуінде кем, біреуінде көп болмауы керек. Әрқайсысына бөліп қойдым. Қазір біз "минусқа" кетіп қалдық", – делінген аудиожазбада.


Алматыда полиция басқармасының басшысы балағат айтылған аудиосынан кейін қызметінен босатылды


Еске салайық, бұған дейін желіде Жамбыл облысының жергілікті полиция қызметінің бастығының қызметкерлеріне жіберген аудиожазбасы тарады. Онда бастық полицейлерге азаматтарға жай ескерту емес, тек айыппұл салуды бұйырған.

Аудиожазба Telegram арналардың бірінде жарияланды. Онда ер адам полиция қызметкерлеріне "азаматтарға ескерту емес, тек айыппұл салу керек. Бұл бұйрықты полиция департаментінің бастығы берді" деген.

Талқылау