Астанада газ баллондары тиелген жүк көлігі жарылды (видео)
Астанада газ баллондары тиелген жүк көлігі жарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қатты ысыну салдарынан баллондар жарыла бастаған. Өрт сөндірушілер келгенше 17 баллонның алтауы жарылып үлгерген.
"Өрт сөндірушілер су шашу және баллондарды салқындату арқылы өртті санаулы минуттарда сөндірді", - делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Жарылыс пен өрттен жақын маңдағы үш көлік зақымдалған, зардап шеккендер жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада газ баллоны жарылып, кафе ғимараты қирағаны туралы жазған едік.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін