Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ерекше қажеттілігі бар баланы екі автобусқа кіргізбей қойған

Астанада тұрғын екі автобустың жүргізушілері оның баласын мүгедектер арбасымен көлікке кіргізбегенін айтып шағымданды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет: Акмарал Камалиеваның Facebook-парақшасынан

Мұны ол Facebook парақшасында жазды. Әйелдің айтуынша, №12 қалалық екі автобус бір-бірінен кейін жүрді және жүргізушілердің ешқайсысы баланы қоғамдық көлікке кіргізген жоқ.

"Біріншісі маған қолымен нұсқап, артта келе жатқан автобусқа мінсін деді, ал екінші автобус жүргізушісі мінейін деп жатқан кезде есікті жауып, отырмайсыздар деген қимыл көрсетті! Адамгершіліктен жұрдай болғаны ма, жүргізушілер автобусқа кім отырады, кім отырмайтынын шеше ме? Сонда мүгедектігі бар бала адам емес пе?!" – деді астаналық әйел.

Бұл оқиғаға әкімдіктің "109" бірыңғай байланыс қызметі жауап берді.

"Өтініш Астана әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығында sd10282441 нөмірімен тіркеліп, тиісті органға жолданды. Жауап белгілі органнан түскен соң беріледі", – делінген хабарламада.

Талқылау