Астанада ер адам өзімен танысудан бас тартқан қызды тонап кеткен
Астанада ер адам өзімен таныспай қойған қызды тонап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияға 32 жастағы әйел шағымданған. Ол таңертең Бейбарыс Сұлтан көшесінде орналасқан тұрғын үйден шыққан кезде бейтаныс жігітпен кездесіп қалған. Ер адам таныспақ болған. Алайда қыз танысқысы келмеген. Осылайша ер адам қызды жерге құлатып, сөмкесін тартып алған. Сөмкеде қыздың құжаттары мен телефоны болған. Жәбірленуші ер адамның артынан жүгіргенімен қуып жете алмаған.
Сөмкесі мен 150 мың теңгелік телефонынан айырылған қыз полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру шарасы барысында 33 жастағы ер адам ұсталды.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”