Мұз жарылып, суға құлап кеткен: Астанада ер адам жасөспірімді құтқарып қалды
Астанада суға құлап кеткен жасөспірімді жолдан өтіп бара жатқан адам құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрларда ер адамның өзін арқанмен байлап, мұздың үстімен еңбектеп өтіп, баланы құтқармақ болғанын көруге болады.
Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, ер адам жасөспірімді су жағасына шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Оған медициналық көмек көрсетілді.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ