Астанада ер адам тірі ата-анасының "жаназасына" әріптестерінен ақша жинаған
Фото: depositphotos.com
Астанада әріптестерінен ата-анасының қайтыс болғанын айтып, ақша алған алаяқ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тексеріс барысында ер адамның ата-анасы тірі және дені сау екені анықталған.
“Ол жұмыс орнындағы әріптестеріне әуелі әкесі, кейін анасы қайтыс болғанын хабарлап, жерлеу үшін қаражат қажет деген желеумен ақша жинаған. Адамдардың сеніміне кіріп, мейірімін пайдаланып ақшаны иемденген”, – делінген полиция хабарламасында.
Полиция қызметкерлері 35 жастағы ер адамның кемінде 10 адамды осылай алдағанын атап өтті. Қазір күдіктінің ісі бойынша "Алаяқтық" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін астаналық әйел “ұлым терезеден құлап кетті” деп өтірік айтып, әріптестерін 2 миллион теңгеден астам ақша жинап алғаны туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген