Астанада еліміздің бас шыршасы жағылды
Астанада дәстүрлі түрде еліміздің бас шыршасын жағу рәсімі өтті. Бас шырша ЭКСПО көрмесінің аумағында «Нұр Әлем» маңына орнатылған, деп хабарлайды Stan.kz.
Сурет: inform.kz
Биылғы жылы жаңа жылдық шырша 200 мыңнан астам жарқылдаған шам және 6 мың шармен безендірілген. Шыршаның биіктгі 25 метрді құрайды.
Сонымен қатар мерекелік кеш қонақтары отшашу мен концерттік бағдарламаны тамашалады. Концертке еліміздің артистері қатысты.
Сондай-ақ ЭКСПО қалашықта еліміздегі ең ірі мұз қалашығының ашылу салтанаты өтті.
Астана мәдениет басқармасының мәліметінше, мұз қалашығында биіктігі 5 метр, ені 40 метр болатын сырғанақ тебуге арналған екі төбешік және кішірек екі төбешік тұрғызылыпты.
Талқылау