Астанада екі жұмысшы 15-қабаттан құлап кетті
Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінің 15-қабатынан екі жұмысшы құлап, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қалалық полиция депаратментінің мәліметінше,10 тамыз күні "Алматы" аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне "A-City" тұрғын үй кешенінің құрылыс нысанында екі адамның биіктен құлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
"Анықталғандай, А.Байтұрсынов көшесінің бойында салынып жатқан 20 қабатты тұрғын үй кешенінің қасбеттік жұмыстарын жүргізу кезінде арқан үзіліп кетіп, монтаждау көтергішінен екі жұмысшы 15-қабаттан биіктен құлап кеткен. 20 және 27 жастағы жұмысшылар оқиға орнында көз жұмды", - делінген полиция хабарламасында.
Ведомство мәлім еткендей, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн