Астанада екі сәби көмірқышқыл газына уланып ауруханаға түсті
Астанада 2014 және 2016 жылы туылған балалар улы газға уланып ауруханаға түсті. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Департаменттің хабарлауынша, оқиға бейсенбі күні сағат 10: 46-да саяжайдағы үйдің бірінде болды.
«Жылыту пешінің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты улы газға тұншығып қалған 2014 және 2016 жылы туылған балалар ауруханаға жатқызылды», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ведомставода улы газдың салдарынан «көп адам оның иісін сезбей ажал құшып» жатады деп атап өтті. Себебі, улы газдың түсі немесе иісі жоқ, ол ешқандай сезім тудырмайды. Сол себепті газға уланған адам оның иісіне қалай тұншығып қалғанын сезбей де қалады. Сонымен қатар, газ тез таралады, ауамен араласып улы қасиеттерін жоғалтпайды.
Оқи отырыңыз:
Ақмола облысында математика пәнінің мұғалімі жалған дипломмен физикадан сабақ берген
Қызылордалық оқушысы шахматтан әлем чемпионы атанды
Меңгеруші жұмыстан кеткен қызметкерге жалақы аударып, оны балабақшаның жөндеу жұмыстарына жұмсаған