Астанада екі ресейлік Қорғаныс министрлігі маңында дрон ұшырған үшін ұсталды
Астанада екі ресейлік ұшқышсыз ұшатын аппараттарды екі рет заңсыз ұшырған. Құқық бұзушылықтың бір күнде орын алғанын елордалық полиция анықтаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Астанаға келген Ресейдің екі азаматы Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Істі тексеру барысында 21 және 28 жастағы жастардың Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аймағында және жағалау маңында ұшқышсыз ұшақтарды ұшырғаны анықталды.
Азаматтардың квадрокоптерді пайдалануға рұқсаттары болмаған.
Құқықбұзушылықтар ақпаратты есепке алу кітабына тіркеледі. Қазіргі уақытта материал заңды шешім қабылдау үшін Азаматтық авиация комитетіне жіберілді. Аталған тұлғалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Осы ретте Астана қаласының полиция департаменті Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеді.
Еске салсақ, бұған дейін Ресейден келген ерлі-зайыпты қос азаматтығы болғаны үшін Қазақстаннан шығарылған еді.
Таразда төбелескен азаматтарды ажыратпақ болған полицейдің өзін пышақтап кеткен