Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Counter-Strike 2 ойыны бойынша ірі халықаралық киберспорт турнирі өтіп жатыр: Қазақстандық жартылай финалда

Астанада әлемнің үздік киберспортшыларын жинаған Counter-Strike 2 ойыны бойынша “PGL Astana” атты ауқымды халықаралық турнир өтуде. Оған АҚШ, Германия, Сербия, Бразилия, Украина, Моңғолия, Ресей және басқа да елдерден 16 команда келіп қатысып жатыр.

Жарыстың жалпы жүлде қоры — 1 миллион 250 мың АҚШ доллары.

Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатқан Данила Голубенко жартылай финалға жолдама алды. Ол Бразилия құрамасының сапында ойнап, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

"Әрдайым осындай ауқымды турнирдің Қазақстанда өткенін армандайтынмын. Мұндай додада ойнау нағыз киберспортшының арманы. Ұйымдастыру деңгейі әлемдік стандартқа сай. Өзім атмосферасы мен дәл осындай стадионда өткен 30-дан астам халықаралық турнирге қатыстым. Ең қуантарлығы өзгелер де келіп, әртүрлі командаларға жанкүйер болып жатыр. Бұл керемет жағдай", – деді Даурен Қыстаубаев.

Сала сарапшыларының пікірінше, мұндай деңгейдегі турнирдің Қазақстанда өтуі еліміздің әлемдік киберспорт аренасындағы беделін арттыра түседі.

"Киберспорт жаймен үлкен спорт қатарына жақындап келеді. Ол жастар үшін өзін-өзі дамытуға арналған алаңға айналуда. Мысалы, футзалда бразилиялықтар бізге легионер ретінде келсе, мұнда керісінше қазақстандық ойыншы Бразилия құрамасына қабылданып, көшбасшыға айналды. Бұл еліміздің беделі үшін үлкен жетістік. Жас ұрпақ үшін де үлкен мотивация", – деді киберспорт саласының сарапшысы Әлинұр Мирасов. 

Еліміздің Киберспорт федерациясының пікірінше, PGL турнирінің Қазақстанда өтуі Қазақстанның жаһандық киберспорт аренасындағы беделін нығайтады. Сонымен қатар, еліміздегі киберспортты дамыту жолындағы маңызды қадам болмақ. Ол халықаралық қауымдастықтың назарын аударуға, инфрақұрылымды дамытуға және жергілікті ойыншылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді.

STAN.KZ
Сенбі, 17 Мамыр, 2025 19:16
Талқылау