Биыл Астанада бюджет тапшылығына қарамастан халықаралық форум өткізілмек
Ел билігі бюджет тапшылығы мен мемлекет басшысының “көрпеге қарай көсілу керек” деген сөзіне қарамастан халықаралық форум өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақорда
2025 жылы Астана халықаралық форумын дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді.
“Қоса беріліп отырған Астана халықаралық форумын дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрамы бекітілсін. 2. Ұйымдастыру комитеті Астана халықаралық форумының жоғары халықаралық деңгейде дайындалуын және өткізілуін ұйымдастыруды, оның ішінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Астана халықаралық форумын дайындау және оны өткізу жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз етсін. 3. Осы өкімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министріне жүктелсін”, – делінген хабарламада.
Астана халықаралық форумын дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы:
- Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, төраға;
- Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары;
- Президент әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісу бойынша), хатшы;
- Сыртқы істер министрінің орынбасары;
- Ішкі істер министрінің орынбасары;
- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі;
- Сауда және интеграция вице-министрі;
- Энергетика бірінші вице-министрі;
- Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
- Әділет вице-министрі;
- Ғылым және жоғары білім вице-министрі;
- Денсаулық сақтау вице-министрі;
- Көлік вице-министрі;
- Қаржы вице-министрі;
- Мәдениет және ақпарат вице-министрі;
- Оқу-ағарту вице-министрі;
- Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі;
- Су ресурстары және ирригация вице-министрі;
- Туризм және спорт вице-министрі;
- Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;
- Экология және табиғи ресурстар вице-министрі;
- Астана қаласы әкімінің орынбасары;
- "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша);
- "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша);
- "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
- "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
- "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамының басқарма мүшесі (келісу бойынша);
- "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры (келісу бойынша);
- "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
Бұған дейін Тоқаев мемлекет бюджетін үнемдеу үшін ірі халықаралық форум өткізуден бас тартқанын айтқан еді.