Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада бокстан өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған спортшылар 30 миллион теңгемен марапатталды

Айбек Оралбай мен Санжар Тәшкенбайды 30 миллион теңгемен марапаттадыФото: Астана қаласының спорт басқармасы

Астанада спорт басқармасы Ливерпульде (Ұлыбритания) бокстан өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында алтын медальдар жеңіп алған Санжар Тәшкенбай мен Айбек Оралбай марапатталды. Оларға 30 миллион теңгеден табысталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Спорт басқармасы екі спортшының да жетістіктеріне тоқатала кетті. 

“Санжар Тәшкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды. Санжар екі жылдан кейін осы жетістігін Ливерпульде 50 кг салмақта қайталап отыр. Айбек Оралбай өз есімін Қазақстан спорты тарихында алтын әріптермен жазды. Ол әлем чемпионатында суперауыр салмақта ел тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алды. Нәтижесінде еліміз жалпы есепте бірінші орынға шығып, 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Спортшыларымыз намысты қолдан бермей, керемет нәтиже көрсетті. Олар өз үлгісімен еңбектің, тәртіптің және өзіне деген сенімнің үлкен жетістіктерге апаратынын көрсетті”, – делінген хабарламада. 



Еске салсақ, бұған дейін Әлем чемпионатынан жүлде алған қазақстандық боксшыларға 100 мың долларға дейін сыйақы табысталған еді. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025 17:22
Талқылау