AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада балабақша аспазы бүлдіршіндердің тамағын өз үйіне тасыған

Астанада мемлекеттік балабақша қызметкерлері бүлдіршіндердің асын үйіне тасыған! Осылай деген қоғам белсенділері азық-түлік бірнеше жылдан бері қолды болып келуі мүмкін дейді. Тіпті, мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі тағамды өзінің жекеменшік бөбекжайына тасыған деген күдік бар.

Астанада балабақша аспазы бүлдіршіндердің тамағын өз үйіне тасыған

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Бұл ірімшік, нан! Білім беру басқармасының өкілдері, бас аспаз бұл бұзылған тағам дейді. Сондықтан үйіне алып барады. Неден қалып қойған? Просто бүгін балалар аз болып қалған».

Астанадағы №9 мемлекеттік «Нұршашу» балабақшасының жанында түсірілген видеода кейіпкерлер осылай дейді. Қоғам белсендісі Ақмарал Омралинова бөбекжай аспазы балаларға тиесілі тамақты үйіне алып бара жатқан жерінен ұстап алдым дейді. Дереу тәртіп сақшыларын шақыртып, мәселенің ақ қарасын анықтамақ болыпты.

Алайда балабақшадағы заң бұзушылықтарды түсірген қоғам белсендісі әлі күнде дейін істің анық-қанығына жете алмай отырғанына наразы. Тіпті, оның сөзінше балабақшадағы азық-түлікті тасыған былай тұрсын мекеме меңгерушісінің тағы бір жекеменшік бөбекжайы болғанын дәлелдепті. Десе де құзырлы органдар бұл мәселені шешудің орнына немқұрайлық танытқан.
«Аталған балабақшадағы былықтың барлығын жайып саламын деп керісінше өзім кінәлі болып қалдым. Ал бұзушылық жасаған балабақша қызметкерлері әлі де заң алдында жауап бермеді. Айтарым, бұл істі соңына дейін жеткіземін. Егер біздің елде олардың кінәсі делелденбесе, шындық іздеп, жазған посттырымның барлығын шет тілге аударып, тиісті көмекті солардан сұрайтын боламын», – дейді қоғам белсендісі Ақмарал Омралинова.

Қалалық білім басқармасы атышулы бөбекжайға арнайы тексеріс жасағандарын айтады. Себебі бұған дейін де ата-аналар тарапынан бірнеше арыз-шағым түсіпті. Осылайша, бұрынғы меңгерушісінің былықтары белгілі болған соң, арнайы баппен ол жұмыстан шығырылыпты.

“Омралиеваның арыздары бойынша бұл жерде тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде балабақша меңгерушісі тарапынан заң бұзушылық жасағаны расталды. Дәлелденді. Үшінші рет дәлелденді. Сондықтан да білім басқармасы меңгерушіні жұмыстан босату үшін статьямен шешім шығарды”, – дейді қалалық білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшысы Ләззат Разбекова.

Бүгінде мектепке дейінгі мекеменің басшылығы өзгерген. Әкімшіліктің сөзінше, балалардың тамағы тоқ. Ал аспаз өз еркімен жұмыстан кетіпті.

«Мен кейін келген кезімде соңғы өткен аптада кеше соттың шешімі деп отырмыз, оның алдында РУВД-ның шешімі бойынша аспазшы жасаған жұмыстарында ешқандай кемшіліктер бар деп айтылған жоқ. Бірақ ол кісі жұмыстан шықты өз еркімен», – дейді “Нұршашу” балабақшасының меңгерушісі Айман Жұматаева.

Бөбекжайдың бұрынғы аспазын іздеп, біз де хабарластық. Аталған жәйтқа қатысты ол бүй дейді.

«Ол жерде коробкалар бар. Соның бәрін отынға аламын. Менің магазинге кіргендерім бар. Омарлинова келетін болсам сол күні чегімді дайындап. Қайтемін? Чекті сол жерде тастайсың да кетесің. Магазиндерге кіргендерім бар. Мен бәрін дәлелдеп бердім. Сот әділдік шешімін. Органдардың барлығы тексерді”, – дейді бұрынғы аспаз Раиса Төлегенова.

Десе де қоғам белсендісі мұнымен шектелмейтінін айтады. Әділдік іздеп құзырлы орындарға арыздануға бекініп отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр