Астанада тәрбиешілер балаларды қараусыз қалдырып, ес-түссіз күйге түскенше ішімдік ішкен
Астана полицейлері балабақшалардың бірінде тәрбиешілерді мас күйінде ес-түссіз жатқан жерлерінен тапқан. Балалар ересектердің қарауынсыз қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана полиция департаментінің мәліметі бойынша, балабақшадағы оқиға туралы ақпарат 4 шілде күні түскен.
"102" арнасына балабақшадағы тәрбиешілер ес-түссіз жатқаны, балалар қараусыз қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Келгеннен кейін полиция қызметкерлері деректі растады: педагогтер масаң күйде болған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Балалар ата-аналарына тапсырылды", - деп хабарлады ПД.
Дерек бойынша Байқоңыр аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетіні айтылды.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ