Backstreet Boys музыканттарын Астанада ерекше қарсы алды (видео)
Фото: Видеодан скрин
Астана әуежайында концертке келген Backstreet Boys тобын ерекше қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Музыканттар ұшақтан түскен бойда оларды жанкүйерлері қоршап алған. Сосын кенеттен "Everybody" деген трек қосылып, барлығы билей бастайды. Олардың арасында тазалаушы, стюардесса, ұшқыш және бизнес терминалындағы "кездейсоқ" жолаушылар да бар. Продюсер Мәлік Хасеновтың айтуынша, флешмобқа 30 кәсіби биші қатысқан.
"Музыканттар бастапқыда абдырап қалды. Кейін телефондарын қолын алып, түсіріп, қосылып ән айтты", – деп жазды ол Instagram парақшасында.
Backstreet Boys тобының мүшелері биді видеоға түсіріп, оны өздерінің аккаунттарында жариялап, әсерлерімен бөлісті.
"Астанаға, Қазақстанға қош келдіңіздер! Қазір түнгі сағат 02:36, бұл VIP-аймақ. Бізді керемет қарсы алды, үлкен рақмет, достар! Олар бізден жақсы билейді! Хаха", – деп жазды музыкант Брайан Литтрелл.
"Астана әуежайында таңғы ең тамаша қарсы алу болды. Қазақстандықтарға сүйіспеншілік үшін алғысымыз шексіз", – деді топтың тағы бір мүшесі Ник Картер.
Backstreet Boys тобы 18 қыркүйекте Алматыға келіп, 19 қыркүйекте концерт берді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген