Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азан даусына шағымданған астаналықтарға министрлік жауап берді

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Астана мешіттерінде түнгі уақытта азан дауысының жоғары болуы туралы келіп түскен шағымға жауап берді.

азан

Ресми мәлімдемеде шағым бойынша мешіттерде түсіндіру жұмыстары жүргізілгені айтылды.

«Аталған мәселеге қатысты Дін істері комитеті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына барлық аймақтардағы филиалдарында бекітілген нормаға сәйкес дыбыс деңгейін реттеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы хат жіберілді. Мешіт қызметкерлеріне осы мәселе бойынша белсенді түсіндіру жұмыстарын өткізу туралы хат облыстардағы, Астана және Алматы қаласы дін істері басқармаларына жіберілді», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Дыбыс режимін бұзу деректерін тексеру санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары құзыретінде.

Ведомствада көрсетілгендей, «Тұрғын үй кешендерінде, қоғамдық ғимараттарында және тұрғын үй аудандарында шу мен инфрадыбыстың гигиеналық нормативтік деңгейіне» сәйкес, сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін тұрғын үй пәтерлеріне естілетін дыбыс деңгейі 30-45 децибелл болуы керек.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз кезегінде жыл сайын мешіт азанының дыбыс деңгейіне қадағалау жүргізетінін айтты. Соныдақтан республиканың ешбір мешітінде азан шақыру кезінде дауыс ұлғайтқышы көбеймеген.

Қала тұрғындары бұл мәселеге қатысты қалалық дін істері басқармасына хабарласа алады. Арыз негізінде тексеріс жүреді.

Жуырда BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаев әлеуметтік желілерде тұрғындар арасында  пікірталас тудыратын жазба жариялаған еді. Ол Facebook парақшасында қала мешіттеріндегі түнгі құлшылық дыбыстары жоғары шығады деп шағымданған.

Тағы да оқыңыз:

Бейбіт Көшқалиевтың азан шақырған видеосы жұртты тамсандырды (видео)

Астанада азан шақыру үшін концертті тоқтатты

Қырғыз мүфтиі АҚШ-тың католик шіркеуінде азан шақырды (видео)

Талқылау