Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада әйел екі баласымен 9-қабаттан секірмек болды

Астанада балаларымен бірге көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған әйелді тәртіп сақшылары аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

9-шы қабаттағы пәтер терезесінен екі баласымен әйелдің секірейін деп жатқаны туралы ақпаратты естіген автопатруль оқиға орнына лезде аттанды. Бірінші болып №26 учаскелік полиция пунктінің полиция бөлімшесінің аға инспекторы Асқар Папышев өзінің серіктесі Елдос Нұғмановпен бірге жетті.

Олар аудан тұрғындарымен жиын өткізіп жатқан болатын. 9-шы қабатқа көтерілген полицейлер үлкен баланың әкесімен бірге тұрғанын көрді. Ал кіші баласын әйел өзі ұстап тұрып, оған біреу жақындаса, секіретінін айтқан. Тәртіп сақшыларының бірі әйелді сөзге тартып, мұндай қадамға бармауын сұраған. Осы сәтте екінші полицей формасын азаматтық киімге ауыстырып, пәтерге кіріп, бір қолымен баланың қолынан, екінші қолымен анасын мықтап ұстап алып, бөлмеге қарай тартып кіргізген.

24 жастағы әйелдің отбасылық жанжалдан кейін осындай әрекетке бел буғаны белгілі болды. Оның күйеуіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігі "Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Отбасы ерекше бақылауға алынды. Әйел балаларымен бірге Астана қаласының дағдарыс орталығына орналастырылды. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, психологиялық көмек көрсетілді.

Талқылау