Астанада әйел бірге тұрып жүрген азаматтың көлігі мен 23 миллион теңгесін алып, қашып кеткен
Астанада әйел бірге тұрып жүрген азаматтың көлігін айдап кетіп қалған. Ер адам көлік ішінде сонымен қатар 23 миллион теңгесін алып кеткенін айтып полицияға шағымданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет Polisia.kz-тен
Оқиға 20 желтоқсанда Қосшы қаласында болған. Полицияға ЖШС басшысы, елорда тұрғыны өтінішпен жүгінген.
“Ер адамның айтуынша, Қосшыға бірге келген, өзімен бірге тұратын әйел оған тиесілі Lexus 570 автокөлігімен кетіп қалған. Жол талғамайтын көліктің артқы орындығында 23 000 000 теңге салынған сөмке бар деп мәлімдеген. 52 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұсталды”, – делінген хабарламада.
Бұл факт ҚР ҚК 389-бабы 2-бөлігі бойынша тергелуде, қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”