Астанада автобус апатынан екі аяғынан айырылған қыз ауруханадан шықты
Фото: gov.kz және Іnstagram.com/help.aluabeken
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астанадағы автобус апатынан зардап шеккен қыз ауруханадан шығарылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік өкілі апаттан зардап шеккен барлық адамға медициналық көмек көрсетілгенін атап өтті.
"Жарақаттанғандардың барлығына уақытылы жедел медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде 8 жастағы бала да бар. Бала бүгін ауруханадан шығарылды. Медициналық көмек толық көлемде көрсетілді", – деді вице-министр.
Оның айтуынша, қыз бала оңалту курсынан тұрғылықты жері бойынша өтеді.
"Өкінішке қарай, аяғын ампутациялауға тура келгенін бәріміз білеміз. Бұл оны құтқарып қалу үшін істелді. Оңалтуға келсек, бала Ақмола облысындағы тұрғылықты жеріндегі емханаға тіркелген.
Тіркелген емхана қазірдің өзінде жеке оңалту бағдарламасын әзірлеп жатыр. Операциядан кейінгі жағдайы жазылса, біз толыққанды баланы оңалтумен айналысамыз", – деді Тимур Мұратов.
Еске салсақ, 2 маусымда Астанада жолаушылар автобусы бағанаға соғылып, 15 адам жарақат алды. Ауруханаға ауыр халде түскен сегіз жастағы қыздың екі аяғын ампутациялауға тура келген.

"Ер актерлерге әйелдерге қарағанда көбірек төлейді": Отандық кино жұлдыздарының гонорары қанша
