Астанада әскери киім киіп, қолына автомат ұстаған ер адам тұрғындардың зәресін алды
Астанада әскери киім киіп, қолына автомат ұстаған ер адам тұрғындардың зәресін алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: polisia.kz
Астана полициясына тұрғындар Мұхамедханов көшесінде камуфляж киген және қолына қаруға ұқсас зат ұстаған жас жігіттің жүргенін айтып шағымданған.
"Полиция қызметкерлері хабарламадан кейін тез арада жасөспірімді ұстады. Тексеру барысында анықталғандай, оның қолындағы зат интернет арқылы сатып алынған страйкболға арналған қару макеті болып шықты. Жасөспірім жоспарланған ойынының болмайтынын білгеннен кейін үйіне қайтып бара жатқанын айтты”, – делінген полиция хабарламасында.
Полицияға жасөспірімнің заңды өкілдері шақырылып, тексеру жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында мектеп оқушысы қатарласының аяғын аңшы мылтығымен атып жібергені туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген