Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада алты қабатты жатақхана өртеніп, 500-дей тұрғын баспанасыз қалды

Астанада жатақхананың бір қабаты тұтастай өртеніп кетті. Енді алты қабатты үйдің тұрғындары ескі пәтерлеріне орала алмайды. Әзірге өрттен зардап шеккендерге мектептен орын берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Астананың оң жағалауындағы үй өртенді, бір қабаты толық жанып кеткен. Ешкім зардап шекпеді, алайда тұрғындар үйсіз қалды.

“Менде бар болғаны 13 шаршы метр пәтер болған! Не бәрі 13 шаршы. Ал мен ерекше бала тәрбиелеп жатырмын”, – деді тұрғын.

Оқиға орнында кезекші психолог бар, бірақ тұрғындар басынан өткергендерінен есін жия алмай отыр. 

“Менің алтыншы қабаттағы пәтерім өртеніп кетті. Нақты алтыншы қабат өртеніп жатқаны хабарланды. Бәрі – жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанып кетті. Тағы не айтуға болады? Ештеңе қалмады”, – деді Татьяна Петрова.


Өрт сөндірілді, бірақ онда өмір сүруге келмейді. Алтыншы қабат түгелдей қирап, 32 пәтердің тұрғындарының мүлкі бүлінген. Өртенген ғимараттан барлығы 500-ден астам адам эвакуацияланды. Ішінде балалар, үй жануары, тіпті 71 жастағы тұрғын болды.

“Шыққанда, түк қалмай жанып жатты. Алтыншы қабаттан шатыр құлады, кірпіш үлкен баламның басына құлай жаздады”, – деді астаналық Ольга Иваницкая.

Сонымен қатар тұрғындар мүліктен бөлек құжатсыз қалды.

“Көбінің жағдайы жоқ. Үш баласы бар әйел ішкиімімен жүгіріп шығып, "Көмектесіңдер, көмектесіңдер" деп айқайлады”, – деді Максим Иваницкий.

Әкімдік таңертең зардап шеккендерге тамақ берілгенін, кешке өрттен зардап шеккендер қонақүйлерге орналастырылатынын, бұған дейін апатты үйлер тізімінде тұрған үйдің өзі жоспар бойынша жыл соңына дейін сүрілетінін мәлімдеді.

“Екі-үш күнде оларға пәтер береміз. Пәтері барларына да, жоғына да. Жалдап тұрғандарға көмек ретінде оларды екі күнге қонақүйлерге орналастырамыз. Алайда сондай соманы өздері де іздеуі керек”, – деді Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімінің орынбасары Нұржан Алмантаев.

Еске салсақ, Астанада алты қабатты жатақханадан өрт шыққаны айтылды.

Талқылау